Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы 2025 жылғы 29 қазан күні сағат 11:00 де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 29 қазан күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.
- Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы;
- Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Түркістан қаласындағы атауы жоқ көшеге атау беру жөніндегі ұсыныс енгізу туралы.
Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1092973?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау