«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІ» ДОМБЫРАШЫЛАР ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
NIS Turkistan базасында 25 қазан – Республика күніне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұлттық рух пен әуезге толы домбыра үні залға тарап, көрермен жүрегіне жол тартты. Жас өнерпаздар «Нәр ағашы», «Келіншек», «Жастар биі», Құрманғазының «Балбырауын», «Ер Тұран» және Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындап, көрермендерге рухани қуат пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Домбыраның үні – халқымыздың жүрегі, рухымыздың айнасы. Бүгінгі флешмоб ұлттық мәдениетті ұлықтап, жас ұрпақ бойында отансүйгіштік пен рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттырды.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сіне, барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1093285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version