Сарыағаш ауданына қарасты Дихан баба елді мекенінің тұрғыны Ермек Қаңлыбай көктем мезгілінде 66 мың түп құлпынай еккен. Ол үш түрлі жоғары өнімді сорттарды таңдаған: «Монтерей», «Априка» және «Клери».
Қазіргі таңда, шаруашылықтан 20 тоннаға жуық құлпынай өнімі жиналды. Тәтті әрі сапалы жидектер Қазақстанның ішкі нарығына және сыртқа нарыққа шығарылуда.
Ермек Қаңлыбайдың айтуынша, заманауи агротехнологиялар мен дұрыс күтімнің арқасында құлпынайдың өнімділігі жоғары болған. Алдағы уақытта ол егіс алқабын кеңейтіп, экспорт көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1094607?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау