Аудан әкімдігінде өзекті мәселелер қаралған аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында келесі баяндамалар тыңдалды:
•Жылу беру маусымының өтуі және қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау туралы – баяндаманы ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің уақытша басшысы Қуанышбаев Қ.С. жасады.
•Аудандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету туралы – ауданның білім бөлімі басшысы Кенжеболатова Д.Ш. баяндама жасады.
Сондай-ақ жиналған егін жинау барысы мен өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша коммуналдық және жол қызметтерінің қысқы кезеңдегі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1095433?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау