2025 жылғы 29 қазан күні сағат 12:00-де Кәлпе орта мектебінде Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі Андасбаев Сержан Ерболғанұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныстарын мен пікірлерін білдіріп, әкім тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Кездесу жылы әрі ашық форматта өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1095123?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау