Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда 30-31 қазан аралығында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада өтеді. Бұл жасанды интеллект саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы болып табылады.

Биылғы іріктеу кезеңіне 9 елден 400-ден астам команда қатысты. Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр сынды елдерден жалпы саны 1200-ге жуық қатысушы бақ сынап, оның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.

Енді Алматы қаласында өтетін финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.

Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізілді. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1095502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version