Хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔊Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына:
✨️облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
✨️жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына;
✨️аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына;
✨️орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.
⚜️ОСЫЛАЙША – аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының әкімшілік лауазымдарына тағайындау МУМКІНДІКТЕРІН ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ!
⚜️Егер Сіз барлық шарттарға сай болсаңыз, онда мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылыңыз!
ШАРТТАР:
⚡️Жоғары оқу орнын мемлекеттік ГРАНТ (тапсырыс) негізінде бітіру
⚡️Үлгерім нәтижесі GPA 3,33 төмен емес
☎️Сұрақтарыңыз болып жатса 871332/2-14-70 телефондарына хабарласуыңызға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1096042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version