ІІ «Қайым айтыстың құлагері, жұмбақ айтыстың жүйрігі Сембай ақын» атты облыстық ақындар айтысының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ІІ «Қайым айтыстың құлагері, жұмбақ айтыстың жүйрігі Сембай ақын» атты облыстық ақындар айтысының қорытындысы

2025 жылдың 22 қазанында Республика күніне орай Абай облыстық «Дарын» орталығы мен Ақсуат ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылындағы Мәдениет үйінде республикаға белгілі ақын Жансақов Сембай Молдахметұлына арналған «Қайым айтыстың құлагері, жұмбақ айтыстың жүйрігі Сембай ақын» атты мектеп оқушылары арасындағы ІІ облыстық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа Семей қаласы, Ақсуат және Аягөз аудандарынан суырыпсалма өнері бар, сөзге шешен, тапқыр да талантты 8 жас ақын қатысты.

Айтыс нәтижесі бойынша:

  • Бас жүлде – Ақсуат ауданы, Би Боранбай атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Маратбекқызы Ханшайым, 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапатталды;

  • І орын – Ақсуат ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Нариман Айзере, 70 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды;

  • ІІ орын – Аягөз ауданы, №10 қазақ мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Шалқарқызы Толғанай, 50 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды;

  • ІІІ орын – Ақсуат ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Серіков Азамат, 40 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.

Қалған қатысушы ақындар 30 000 және 20 000 теңгелік қаржылай сыйлықтармен және қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздар Абай облыстық білім басқармасының дипломдарымен және демеушілердің атынан берілген сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, айтысты ұйымдастырғандарға, әділқазылар алқасына және демеушілерге алғыс хаттар табысталды.

Айтыстың демеушілері – Жансақов Думан Сембайұлы, Сабитов Нұржан Қанатұлы, Жұматов Серік Зейнетайұлы, Искакова Ләззат Саятқызы, Сүлейменов Оралбек Сембайұлы, Шорманов Айбек Закарияұлы, Шорманов Абдрахман Закарияұлы, Байтілеуов Қапас Хамзаұлы – барлығына айрықша алғыс білдіріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1095755?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version