Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры шығармашылық ізденісін жалғастырып, жанрлық аясын кеңейтуде. Театр ұжымы алғаш рет көрерменге қуыршақтармен сахналанған пластикалық спектакль ұсынбақ.
Қойылым режиссері – алматылық театр маманы Андрей Зайцев.
«Махаббат аңызы. Жезтырнақ» атты спектакльдің премьерасы 8 қараша күні Музыкалық комедия театрының Қызыл залында өтеді. Басталуы – сағат 17:00-де.
«Бұл қазақ мифологиясындағы көне бейнені қазіргі заман тұрғысынан қайта жаңғыртқан сахналық туынды, – дейді театр ұжымы. – Қойылым қиял мен аңыздың шекарасында өрбиді: жарық пен түнектің күресі, адамдық таңдау мен оның құны, сондай-ақ махаббаттың қарғысқа қарсы тұра алуы туралы философиялық ой қозғалады. Мистикалық, романтикалық әрі трагедиялық сипаттағы бұл әлемде ежелгі аңыздар қайта тіріліп, көрерменге мәңгілік сұрақ қояды: не мықтырақ – үрей ме, әлде махаббат па?»
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1095496?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау