Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы бойынша ЭТТД өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 30 қазан күні Павлодар облысының Өңірлік коммуникация қызметінде «Заң мен тәртіп: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылау» тақырыбында брифинг өтті.

Спикер болып Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы орынбасарының м.у.а.,  ЭТТҚ полковнигі Ж.Т. Киналбеков сөз сөйледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу барысында, спикер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеуге, жасанды тапшылықты болдырмауға және жосықсыз сауда тәжірибелерін тыюға бағытталған іске асырылып жатқан шаралар туралы, толығырақ айтып берді.

Бағалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жергілікті атқарушы органдармен, монополияға қарсы қызметпен және өңір прокуратурасымен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.

Осы іс-шаралар «Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1095980?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version