2025 жылғы 31 қазанда сағат 11:00-де Атамекен кентіндегі Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтеді. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Іс-шараға Павлодар қаласының прокуроры А.Н. Нұрбаев, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустар қатысады.
🎯 Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тегін заң көмегін көрсету.
Барша павлодарлықтарды белсенді қатысуға шақырамыз!
📍 Өтетін орны: Атамекен кенті, Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйі
🕚 Уақыты: 31 қазан, сағат 11:00-де.
🤝 Сіздің құқығыңыз — қорғалуға және естілуге лайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl/press/news/details/1095635?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау