Қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Ел құрамасы сапында бақ сынаған жамбылдық қазақ күресі шеберлері жоғары спорттық нәтижеге қол жеткізді.
Әйелдер арасында +77 келіде Шегенова Арайлым Азия чемпионы атанса, Танжарыкова Ұлдана (65 кг) және Байгараева Сағат (52 кг) күміс жүлдеге ие болды сондай-ақ, ерлер сапында 90 келі салмақта Бескемпір Айдар құрлық додасын қола жүлдемен қорытындылады.
Жалпыкомандалық есеп:
І орын – Қазақстан (10 алтын, 4 күміс, 2 қола, 360 ұпай)
ІІ орын – Өзбекстан (4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 250 ұпай)
ІІІ орын – Қырғызстан (1 алтын, 4 күміс, 2 қола, 189 ұпай)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1095669?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау