ҚР Ұлттық кітапханасында Рудаки мен Фирдоусиге арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ұлттық кітапханасында шығыс өркениетінің ұлы шайырлары – Әбу Абдулла Рудаки мен Хаким Әбілқасым Фирдоусиге арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шара қос ақынның мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Жиынға ғылым, мәдениет, білім және дипломатиялық орта өкілдері қатысты.

Бағдарлама аясында ирантанушы ғалымдардың мазмұнды баяндамалары тыңдалып, ақындардың шығармалары түпнұсқа және қазақ тіліндегі аудармаларда оқылды.

Сонымен қатар Ұлттық кітапхана қорынан «Рудаки және Фирдоуси – парсы әдебиетінің өшпес жұлдыздары» атты виртуалды көрме таныстырылды.

Әдеби-музыкалық кеш аясында ақындардың шығармаларынан музыкалық композициялар орындалып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096309?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version