Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан және заң мен тәртіп – әділ қоғам» атты қала ардагерлерінің «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.
Жиын барысында шаһар басшысы мемлекетіміздің өркендеуі ең алдымен заң мен тәртіптің берік сақталуына тікелей байланысты екенін айрықша атап өтті.
Қазіргі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында нақты әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Дегенмен, бірқатар мәселелер де туындап отыр.
Мәселен, биылғы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы алаяқтық қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 79,1 пайызға өсіп отыр. Оның негізгі себебі – азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмендігі.
Жалпы қаладағы білім ошақтарынан өткен жылы 228 жасөспірім профилактикалық есепте тұрса, 2025 жылы 260 кәмелетке толмаған жасөспірім есепке алынған.
Сонымен қатар, осы 9 ай ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен 37 қылмыс тіркелген. Бұл қылмыстардың негізгі себептері әлеуметтік мәселелердің артуы, ата-аналар тарапынан өз балаларының қауіпсіздігі мәселесіне аз көңіл бөлуі, олардың байланыстары мен бос уақытын бақылаудың жеткіліксіздігінен туындаған. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында өткізген соңғы сауалнама нәтижесінде қаладағы 75 мектептің 57-де буллинг, әлімжеттік деректері әлі де бар екені анықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1096278?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау