А. Биахметов DARYA жобасы бойынша халықаралық отырысқа қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов «Орталық Азиядағы тапқыр жастар үшін диалог және әрекет» жобасы (бұдан әрі – DARYA) аясындағы Жоғары деңгейлі топтың Туринде Еуропалық білім қоры ұйымдастырған төртінші отырысына қатысып, Қазақстандағы еңбек нарығын дамыту және жастардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

DARYA – бұл Еуропалық Одақтың жобасы, оның мақсаты – Орталық Азиядағы жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту және дағдылардың инклюзивті әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Жыл сайынғы Жоғары деңгейлі топтың (бес Орталық Азия елінің білім және еңбек министрліктерінің орынбасарлары) отырыстары жобаны одан әрі дамыту бағыттарын анықтау мақсатында өткізіледі. Төртінші отырыс барысында ынтымақтастық жол картасы мен негізгі секторларда дағдыларды дамыту саласындағы серіктестік мүмкіндіктері талқыланды.

Пленарлық сессияда Асқар Биахметов Қазақстанда дағдыларды дамыту жүйесін қалыптастыру және Үкімет, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы тұрақты серіктестікті құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әріптестерін хабардар етті.

«Қазақстан үшін бұл абстрактілі тақырып емес, стратегиялық басымдық, себебі адам капиталы – елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі кілті», – деп атап өтті ол.

Вице-министр DARYA жобасын жүзеге асыру кадрларды даярлау процесінде, тәуелсіз біліктілік бағасын енгізу және кәсіби стандарттарды жаңарту саласында маңызды рөл атқаратынын айтты. Осы бағытты дамыту еңбек нарығының сұранысына жедел жауап беруге және мамандар даярлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ол қазіргі трендтердің – цифрландыру, жасанды интеллект енгізу, «жасыл» энергетика концепциясын насихаттау, сондай-ақ демографиялық өзгерістер мен көші-қон ағындарының дағдылар жүйесі мен оның трансформациясына үлкен әсер ететінін атап өтті.

Асқар Биахметов Қазақстан Үкіметі қазіргі заман талабына еңбек нарығын бейімдеу үшін қабылдаған шаралар, DARYA жобасының рөлі және Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы осы бағыттағы одан әрі ынтымақтастық перспективалары туралы айтып, сөзін жалғастырды.

Отырыстың барысында қатысушылар сондай-ақ бірлескен басымдықтар мен серіктестік құру мүмкіндіктерін анықтап, DARYA жобасын одан әрі дамыту бағыттарын, оның ішінде ЕО пен Орталық Азия арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық аясында дағдыларды дамытуға ықтимал рөлін талқылайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1096401?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version