EGov Mobile — қосымшасындағы ” заң және тәртіп ” сервисі – азаматтардың полициямен байланысының тиімді құралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

EGov Mobile — қосымшасындағы ” заң және тәртіп ” сервисі – азаматтардың полициямен байланысының тиімді құралы

Ақтөбеде ағымдағы жылдың маусым айынан бастап eGov Mobile мобильді қосымшасында азаматтарға құқық бұзушылықтар туралы полиция органдарына тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін “заң және тәртіп” сервисі табысты жұмыс істеуде.

Сервисті пайдалану үшін қосымшаны ашып, “Заң және тәртіп” белгішесін тауып, оқиғаның санатын таңдап, жағдайды сипаттап, қажет болған жағдайда фотосуретті немесе бейнені тіркеп, ЭЦҚ немесе SMS-код көмегімен өтінімді растау қажет. Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, келіп түскен сигналдарды полиция департаментінің жедел басқару орталығы жедел өңдейді, кейін жақын маңдағы патрульдік полиция нарядтарына немесе учаскелік инспекторларға жіберіледі. Сервис іске қосылған сәттен бастап облыс тұрғындарынан қосымша арқылы полицияға 300 — ге жуық хабарлама келіп түсті, оның 78-і жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша, 18 — і жол — көлік оқиғаларына, 155-і басқа да құқық бұзушылықтарға және 11-і тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты.

Хабарлама келіп түскеннен кейін полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері жедел шаралар қабылдау үшін ақпаратты патрульдік полицияның жақын маңдағы нарядтарына немесе учаскелік инспекторларға дереу жолдайды.

“Заң және тәртіп” сервисі — қоғамдық қауіпсіздік пен жедел әрекет ету деңгейін арттыруға ықпал ететін азаматтардың полициямен цифрлық өзара іс-қимылының тиімді құралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1096759?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version