Хромтау ауданы әкімінің Қызылорда облысына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, Сыр өңірінің әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. Кездесу барысында екі өңір арасындағы әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық, инфрақұрылымдық жобаларды бірлесе жүзеге асыру және білім мен мәдениет салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Сапар аясында Хромтау делегациясы Қызылорда қаласындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, аймақтың даму қарқынымен танысты. Әсіресе, спорттық, білім беру және мәдени бағыттағы жаңа объектілер ерекше назарға алынды.

Кездесуде өңіраралық байланыстарды нығайту, жастар саясатын дамыту, жергілікті өндірістерді қолдау және ауылдық аумақтарды жаңғырту бойынша өзара пікір алмасылды.

Хромтау ауданы үшін бұл сапар – тәжірибе бөлісіп қана қоймай, болашақта бірлескен жобаларды іске асыруға негіз қалайтын маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1097264?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version