Қауіпсіздік үшін құтқарушылар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 22 қазанынан 22 қарашасына дейін елімізде жылыту маусымында өрттердің және көміртек тотығымен улану жағдайларының алдын алу мақсатында республикалық өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіліп жатыр.

Айлық аясында Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй секторында профилактикалық рейдтер күшейтілді. Әсіресе, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұратын үйлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Рейдтерге құтқарушылармен қатар еріктілер, әкімдік өкілдері мен әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметкерлері қатысуда.

Іс-шаралар барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері, мұржаларды дер кезінде тазалау және пеш жабдықтарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі еске салынуда. Бірқатар үйлерге газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтайтын датчиктер орнатылды.

Жылыту маусымы басталғалы бері облыста 58 өрт оқиғасы тіркелді. Негізгілері жеке тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарында болған.

Бүгінгі күні өңірде 20 мыңнан астам үй араланып, 21 500 адам қамтылды, оның ішінде 9139 үйде түрлі бұзушылықтар анықталған. Халықпен 84 жиналыс, кездесу өткізілді.

Әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне 318 датчик орнатылды.

Құтқарушылар азаматтарды қырағы болуға, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды дер кезінде жоюға және пеш мұржаларын уақтылы тазалауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1097128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version