KGIR-2025 алаңында сомасы $7,5 млрд болатын 49 құжатқа қол қойылды, оның ішінде $3,8 млрд-тық 13 коммерциялық келісім Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өтті.
Олардың арасында:
-
Ақмола облысы мен Hopefull Grain & Oil Group арасындағы бидайды терең қайта өңдеу кешенін салу туралы стратегиялық негіздемелік келісім;
-
Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін салу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Kazakhstan Lihua» ЖШС, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісімдер;
-
Ақтөбе облысында цемент зауытын салу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен QazCement Industries арасындағы инвестициялар туралы келісім;
-
«Астана энергиясы» экопаркі» жобасын іске асыру үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «East Hope» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісім;
-
Шымкент қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды термикалық жолмен жою жобасын жүзеге асыру үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «SHAANXI CONSTRUCTION ENGINEERING KAZAKHSTAN CO., LTD» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісім;
-
Шымкент қаласында жылыжай кешенін салу және пайдалану үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Fabe-Agro» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісім;
-
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Harvest Agro Holding компаниясы арасындағы Қызылорда облысында агроиндустриалды кластер құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы негіздемелік келісім;
-
Солтүстік Қазақстан облысында қант зауытын салу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Asyl Sugar компаниясы арасындағы инвестициялар туралы келісім;
-
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС арасындағы Ақтөбе облысында сусындар өндіретін зауыт салу туралы негіздемелік келісім;
-
Алматы облысы әкімдігі, Hopefull Grain & Oil Group және «Қазақстан коммуналдық жүйелер» ЖШС арасындағы индустриялық парктер жобаларын жүзеге асыру үшін әріптестік орнату туралы негіздемелік келісім;
-
Маңғыстау облысы мен «Qazaq LNG Mangistau» ЖШС арасындағы Қарақия ауданында сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыт салу туралы негіздемелік келісім;
-
Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен «KazFoodProducts» ЖШС арасындағы Қазақстанда SAF (Sustainable Aviation Fuel) орнықты авиациялық отынын өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру туралы негіздемелік келісім бар.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Премьер-министр үздік инвестор компаниялардың өкілдеріне марапаттар табыс етті, олардың ішінде: Fufeng Group компаниялар тобының негізін қалаушы Ли Сюэчунь, Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия аймағы бойынша PepsiCo компаниясының президенті Давид Манзини, Zijin Mining Group Company Limited директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзиньхэ, Stadler CIS бас атқарушы директоры Александр Люфт, «Kazakhstan Lihua» ЖШС бас директоры Сюй Цзе, «KIA Qazaqstan» ЖШС бас директоры Ким Де Ки, KIS компаниясының негізін қалаушы және иесі – Gateway Ventures бас директоры Даниэль Гунаселан, Power International Holding Kazakhstan бас директоры Амер Махасен, Парсы шығанағы елдері мен Қазақстанға кураторлық ететін Air Liquide тобының вице-президенті Матье Франсе, Oi-Qaragai бас директоры Dmitriy Matyas, «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев, «Химфарм» АҚ бас директоры Адам Алексеюк бар.
KGIR-2025 алаңында Премьер-министр халықаралық инвестор компаниялардың Қазақстанда жүзеге асырып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған жобалары туралы стендтер қойылған көрмеге қатысты.
Швейцариялық Harvest Group SA компаниясы АӨК саласына қазіргі заманғы суару жүйелерін енгізе отырып, жайылымдық және өріс жерлерді суармалы жерлерге ауыстыру жөніндегі жобаны ұсынды. Оны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай елдің аграрлық айналымына 300 мың гектарға жуық суармалы жер еніп, топырақ өнімділігі 4-6 есе артпақ.
Одан бөлек келесідей жобалар – Orzax Alyors компаниясының биологиялық белсенді қоспа (ББҚ) өндіретін зауыты, R-Pharm және Abdibrahim global pharm компанияларының дәрі-дәрмектер өндірісі, Stadler компаниясының жылжымалы теміржол құрамын және тж техникасына жинақтауыштар жасау желісі, Primus Education компаниясының Қазақстанда Британияның Coventry University жоғарғы оқу орынының кампусын ашу жобасы, Success Co., Ltd. компаниясының өнеркәсіптік өндірістерді іске қосу, сондай-ақ RETD компаниясының Алматы агломерациясында жүрдек көлік жүйесін құру жөніндегі бастамалары ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1097251?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау