Әр апта сайын 26-шағын ауданда өткізіліп келген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтетін орынның ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Енді жәрмеңке 36-шағын ауданындағы “Көтерме сауда базары” аумағында ұйымдастырылады.
Кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 1 қараша күні сағат 09:00-де басталады.
Жәрмеңкеде өңірдің шаруа қожалықтары ұсынған көкөніс, ет, сүт және өзге де табиғи өнімдер қолжетімді бағамен саудаланатын болады.
Барша тұрғындарды жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырамыз!
Жәрмеңкеге “Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау” және 6а автобустары қатынайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1096563?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау