Бүгін Ақтөбе медресе-колледжінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында игі іс-шара өтті.
Медресе директоры Ерік Сұлтанов ұстаздар мен шәкірттермен бірге аулаға көшеттер отырғызды. Бұл бастама табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және жас ұрпаққа қоршаған ортаға жанашырлық сезімін сіңіруге бағытталған. Мұндай шаралар — еліміздің экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, жас буынға табиғатты аялау үлгісін көрсетуге үлкен мүмкіндік.
Мақсаты:
— Қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру;
— Жасыл аймақтарды көбейту арқылы экологиялық тепе-теңдікті сақтау;
— Шәкірттерге табиғатты қорғау жауапкершілігін үйрету.
Әр отырғызылған ағаш — болашақ ұрпаққа аманат, таза ауаның кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1097224?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау