Құтқарушылар күніне орай ауданда төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов, мекеме қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Мерекелік жиында аудан басшысы Нұрхан Тлеумұратов құтқару қызметінің маңыздылығын атап өтіп, төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтап қалу жолында тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға ризашылығын білдірді.
— «Құтқарушы мамандығы – үлкен жауапкершілік пен ерлікті талап ететін асыл қызмет. Сіздер кез келген қиындықта ең алдыңғы шепте жүріп, өз өмірлеріңізді қатерге тіге отырып, өзгелерге көмек көрсетесіздер. Қоғам тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын. Әрбір қызмет күніңіз сәттіліктер мен жетістіктерге толы болсын!», — деді аудан әкімі өз сөзінде.
Жиын барысында бірқатар қызметкерлерге ауданның 90 жылдық мерекелік медалі және аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар саласында көп жылдық еңбегімен көзге түскен мамандардың қызметі ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1097266?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау