САРЫАҒАШ: ОРТАЛЫҚ  ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орталықтандырылған жылу қазандықтарының жұмыс барысын тексерді.

 

Тексеру барысында  аудан басшысы  Бәйтереков көшесіндегі 14 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін қазандықтың жұмысымен танысты. Жауапты мекеме – «Сарыағаш тұрмыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Секеровқа жылу жүйесінің үздіксіз әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 қазанындағы №357 қаулысына сәйкес, ауданның коммуналдық меншігіндегі мекемелер мен тұрғын үйлерге, оның ішінде Сарыағаш қаласының №3 көшесінде орналасқан 14 көпқабатты тұрғын үйге, сондай-ақ Мөлтек шағын ауданындағы 20 көпқабатты тұрғын үйге 1 қарашадан бастап жылу жүйесі толық іске қосылды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1097361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version