Аудандық мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына өтіп жатқан сайлау науқаны аясында денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтарға үйде дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.
Дөң ауылдық округіне қарасты №473 сайлау учаскесіне тіркелген Гаухар Есентаева, Айғанша Хамзина, сондай-ақ егде жастағы Жанабай Бақытжанов, Мария Бишоф, Омаровтар әулеті және Батима Жұмағалиева өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытты.
Дауыс беру барысы қолданыстағы заң талаптарына толық сәйкес, барлық ережелер мен санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Сайлау комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар науқанның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1097300?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау