Бүгін Сурдлимпиадада жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшылары ұзындыққа, биіктікке секіру және әр түрлі дистанцияға жүгіруден сынға түсіп жатыр.
Қазақстандық Фаина Мейірманова биіктікке секіруден 1.79 м нәтиже көрсетіп, Сурдлимпиаданың рекордын жаңартып, чемпионы атанды. Күміс жүлдені 1.76 м нәтижесімен бейтарап спортшы Суравец Анна иеленсе, қола жүлдені 1.67 м нәтижесімен словакиялық Глонарик Лейа еншіледі.
Мейірманова Фаина – жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2024 жылы Тайбэйде (Тайвань) өткен әлем чемпионатында биіктікке секіруден 176 см нәтижесін көрсетіп, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рекордты орнатқан. 2024 жылғы Азия-Тынық мұхиты ойындарының ұзындыққа секіруден чемпионы атанды. Фаинаның жасы 19-да, ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Спортпен 7 жылға жуық айналысады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1106527?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау