БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 07:38-де (Астана уақыты бойынша) Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында «Эйр Астана» АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N

EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды.

«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Қону сағат 07:40-та жүзеге асырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта аталған авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1126582?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version