Жоба
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының
Явленка ауылдық округінің
2026-2028 жылдарға арналған
бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, 85 бабының 3 тармағына, 89 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-7 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 589 292 мың теңге:
салықтық түсімдер – 218 351 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 966 мың теңге;
арнаулы тусімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 368 975 мың теңге;
- шығындар – 589 292 мың теңге;
- таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
- 2026 жылға арналған Явленка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 26 бабына сәйкес қалыптастырылады деп белгіленсін.
- 2025 жылға арналған бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделсін, соның ішінде:
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға.
2026-2028 жылдары жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызметшілердің төменгі санаттарына лауазымдық жалақыларын арттыруға;
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің Явленка ауылындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге;
Есіл ауданының Явленка ауылындағы «Есіл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ аумағын абаттандыру және көпфункционалды спорт ғимаратын күрделі жөндеуге.
Аталған трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы |
|
Е.Тұтқышев |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-esil-yavlenka/press/news/details/1130574?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау