2026 жылғы 27 қаңтар күні онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы
«Мұқағали Мақатаев оқулары» республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Қазылар алқасының құрамы:
Қазылар алқасының төрағасы:
Серіков Ильяс Батырбекұлы — АӘК әдіскері.
Қазылар алқасының мүшелері:
1.Кушербаева Гаухар Рүстемовна — «Расовка орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2.Караулова Айжан Мейірмановна — «Гаршин орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
3.Темірбекова Мөлдір Серіковна — «Ломоносовка орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді:
🔹 «Айтып өткен ақында арман бар ма?»
🔹 «Көкірегімде жыр сәлесі мазалайды…»
Конкурсқа қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз.
Нәтижесі бойынша «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында
«Калиновка орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы Ақанай Аруна
облыстық кезеңге жолдама алды.
Ақанай Арунаға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1151259?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау