2026 жылғы 30 қаңтарда Приозерск қаласының әкімі Мансұр Талғатұлы Ахметовтің төрағалығымен қалалық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиында қаланың 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.
Отырыста қала әкімінің орынбасарлары Темірхан Айдарханұлы Айдарханов экономикалық даму бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы, ал Ұлан Алмасұлы Алмас әлеуметтік саладағы негізгі көрсеткіштер бойынша баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қорытындылай келе, қала әкімі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамиканы сақтау және одан әрі оңтайландыру мақсатында мемлекеттік мекеме басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ қол жеткізілген өсім қарқынын сақтау қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-priozersk/press/news/details/1151329?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау