5 ақпан-Дүниежүзілік сайлау күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мақаншы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 29 қаңтарында жергілікті атқарушы, құқық қорғау, қоғамдық ұйымдардың басшыларының қатысуымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған «Әділ сайлау-тәуелсіздік кепілі» дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараның мақсаты- сайлау процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың рөлін пысықтау және өзара байланысты нығайту. Дөңгелек үстел басында Мақаншы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Қожақов аудандағы сайлау науқандарының өтуі мен ұйымдастыру барысы туралы баяндап өтті. Мақаншы ауданы әкімі орынбасары Р.Ш.Абдрахманов аудандағы сайлау науқандарын ұйымдастыруды, сайлау учаскелерінің материалдық техникалық жағдайы туралы, Мақаншы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры М.А.Садығұлов ішкі істер органдары сайлау кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін, сайлау учаскелерінде тыныштық сақталып, азаматтардың еркін дауыс беруіне жағдай жасалатынын, құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз екеніне тоқталып өтті. Мақаншы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы В.Қ.Байсинова сайлаушылардың тізімі, сайлаушыларға арналған үгіттік баспа материалдарына арналған орындардың белгіленуі және талапқа сай орнатылуы туралы, Мақаншы ауданы ішкі саясат бөлімі басшысы Е.Мұхтарханов сайлау науқандары кезінде сенімді өкілдердің, байқаушылардың жұмысы, қоғамдағы ой пікірлердің уақытылы назарда болуы туралы, Мақаншы аудандық сотының бас маманы Т.Қайдар сайлау науқаны барысында келіп түскен арыз шағымдардың дереу қаралу тәртібі туралы айтып өтті. Мақаншы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Сағымбеков, Мақаншы айнасы» аудандық газетінің бас редакторының орынбасары Ә.Разуев, Мақаншы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қалиев, Мақаншы ауданы шекара басқармасының басшысы орынбасары, подполковник С.Мынжанов, Мақаншы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бөлімі басшысы Г.Ракишева сайлау науқаны туралы өз пікірлерін ортаға салды. Іс шара соңында дөңгелек үстел қатысушыларына дүниежүзілік сайлау күніне арнайы жасалған естелік қаламсауыт табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1150955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version