Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері Семей қаласының ТВК-6 телеарнасының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында «авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы авторлық және сабақтас құқықтарды сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, телеарна өкілдеріне заңнаманың талаптарын және авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық сервистерді пайдалану ерекшеліктерін қоса алғанда, телеарналарды Бірыңғай цифрлық платформаға қосу тәртібі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1151800?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау