Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов, мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Уалихан Майжанов, облыстық мәслихат депутаттары және тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе бойынша облыста ауызсу беру қызметінің құнына қатысты төлемақы мөлшерін бекіту туралы ұсыныс қаралды. Талқылау барысында депутаттар ауызсу мәселесіне қатысты бірқатар сұрақ көтеріп, су ресурстарын пайдалану, жеке шаруашылықтар мен жылыжай иелеріне қатысты мәселелерге назар аударды.
Екінші мәселе аясында Абай облысының №9 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қаралды. Комиссия құрамы толықтырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелелер бойынша шешімдер қабылданды. Сессия соңында облыс әкімінің орынбасары әр мәселеге кеңінен тоқталып, қабылданған шешімдердің өңір дамуына оң ықпал ететінін атап өтті, сондай-ақ депутаттардың қосымша сұрақтарына жауап берді.
Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1150563?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау