Аудандық мәслихат төрағасы Шаимов Болат Сейтенұлы ауданға жұмыс сапарымен келген «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ауғанов Ғибрат Қайратұлы, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Адиева Альфия Дәулетқалиқызы, «Baquatty Aimaq Qory» қоғамдық қорының директоры Абельдинова Гүлмира Сапабекқызы, облыс әкімінің орынбасары Әбдікәрімов Абзал Әлиұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Уразбаева Ләззат Аманжолқызымен бірге Жақсымай ауылдық округі, Шұбарқұдық ауылындағы «Ainala» жобасы аясындағы нейро-ортопедиялық және ментальды бұзушылықтары бар (соның ішінде аутизм спектрі бұзылған) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту орталығының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген ғимаратпен танысты.
Аудан әкімі Жақсылықов Алмас Жақсылықұлы жүргізілген құрылыстың жай-күйімен таныстырып, бұл ғимараттың әлеуметтік маңызы зор екендігіне тоқталды. Ғимарат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, болашақта аталған көмекке мұқтаж Алға, Мұғалжар, Ойыл, Байғанин, Қобда аудандарымен қосқанда алты ауданның 375-ке жуық балаларына қызмет көрсететін болады.
Тапсырыс беруші:«Қамқорлық» мүгедектігі бар балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ («Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ).
Мердігер ұйым: «TG Impex» ЖШС. Жоба серіктестері:«Samruk-Kazyna Trust» қоры (жабдықтауды қаржыландыру) және «BAQ» қоры (жоба операторы).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-temir/press/news/details/1150889?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау