Алматы колледждерінің директорлары – ҚР Оқу-ағарту министрлігі жұмысшы тобының құрамында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматының жетекші колледждерінің директорлары білім беру саласындағы заңнама мен НҚА-ды жетілдіру жұмысына қатысты.

Жақында Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры Бектұрған Ахметов, Алматы көпсалалы колледжінің директоры Асылхан Бейсетбаев және Алматы технологиялық колледжінің директоры Ерулан Қарағұлов Астанадан оралды.

Алматы колледждерінің басшылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ТжКБ Департаментінің басшыларымен, «Talap» КЕАҚ, сондай-ақ елдің басқа өңірледен келген колледждерінің директорларымен бірге қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді сараптап, олардағы қайшылықтар мен олқылықтарды анықтап, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі. Білім саласындағы заңнаманың тиімділігін арттыру мақсатында сарапшылардың жұмыс тобын ҚР Оқу-ағарту министрлігі құрған болатын.

Сарапшылар тобының жүйелі жұмысы білім берудің барлық деңгейлерін одан әрі дамытудың, сапасын мен қолжетімділігін арттырудың құқықтық жағдайларын құруға бағытталған. Талдау нәтижелері мен әзірленген ұсыныстар білім беру заңнамасын жаңартудың негізі болады, бұл Алматы қаласының білім беру жүйесінің дамуына тікелей әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1151178?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version