Алқаптағы жиын: Бірлік шаруаларының ұсынысы мен әкімнің нақты тапсырмалары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бірлік ауылдық округінде 2026 жылғы егіс маусымына дайындық және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелеріне арналған көшпелі кездесу өтті. Алқапта ұйымдастырылған жиынға Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев пен аудан әкімінің орынбасары Қуандық Төлеубеков қатысып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ашық форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында алдағы маусымдағы егіс жұмыстарын жоспарлау, пайдаланылмай жатқан немесе толық игерілмеген егістік алқаптарды айналымға енгізу, сондай-ақ су тапшылығы жағдайында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыратын тиімді технологияларды кеңінен қолдану мәселелері қаралды. Аудан басшылығы ауыл шаруашылығы аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтіп, өнімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін заманауи тәсілдерге көшу қажеттігін жеткізді.

Жиын барысында шаруа қожалық иелері суару жүйелерінің тозуы, су ресурстарын әділ бөлу, каналдар мен арық-тоғандарды тазалау, сондай-ақ тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын енгізуге қатысты қолдау шаралары жөнінде ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар егістік инфрақұрылымын күшейту мәселесі де көтерілді.

Аудан әкімі Ермек Карентаев көтерілген әрбір мәселе мұқият зерделеніп, тиісті талдау жүргізілетінін атап өтті. Ол су үнемдеу технологияларын енгізу – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық қадам екенін, ал егістік жерлерді тиімді пайдалану еңбек пен табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қараудың айқын көрінісі екенін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1150827?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version