Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Ашық есік күні өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен «Қазхром» ТҰК АҚ-ның бірлесіп ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті.

Іс-шара өнеркәсіп өкілдері, бизнес қауымдастығы мен әлеуетті жеткізушілерді ашық әрі тікелей диалог алаңында тоғыстырды.

Шараға мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік құрылымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Нұржан Ешмұратов, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Сухорученко, «ТНК “Қазхром”» АҚ-ның сатып алу және логистика жөніндегі жетекшісі Игорь Филиппенко, сондай-ақ Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұржан Ерғазин болды.

Қатысушыларға «Қазхром» мен Еуразиялық топтың отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмысының нәтижелері таныстырылды. ERG қазақстандық жеткізушілерден сатып алу үлесін жүйелі түрде арттырып, ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастар орнатып, жергілікті бизнестің дамуын ынталандырып отырғаны атап өтілді.

Еуразиялық топтың сатып алу жүйесіне ерекше назар аударылды. Бизнес өкілдеріне сатып алу жоспарларын қалыптастыру тәртібі, жеткізушілерге қойылатын талаптар, қолданылатын цифрлық құралдар және конкурстық рәсімдерге қатысу тетіктері жан-жақты түсіндірілді. ERG-нің сатып алу жүйесі ашықтық, айқындық және бәсекелестік қағидаттарына негізделгені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1150555?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version