Бахар және Шонжы ауылдық округтерінде аудандық мәслихат төрағасының есепті кездесулері өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 29 қаңтар күні Бахар және Шонжы ауылдық окруктерінде аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрәкім Есенбайұлы Есжан кезекті есебін берді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 1.1-тармағын орындау мақсатында аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2025 жылда атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Есепке облыстық мәслихат депутаты А.А.Илахунов, аудандық мәслихат депутаттары А.Т.Ашимов, Ш.Мубареков, Н.Болатұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Нұрсеитов, қорғаныс бөлімінің басшысы А.Әділханов қатысты.

Тұрғындар тарапынан суару каналдарын тазалау, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығына несие беру, Шонжы ауылына достық үйін салу, мектеп және бұрыңғы ХҚКО ғимаратын жөндеуден өткізу сияқты мәселелер көтерілді. Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстар ескерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uigur/press/news/details/1151384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version