Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташеваның қатысуымен «Жасанды интеллект және білім беру процесін цифрландыру: жаңа мүмкіндіктер мен практикалық тәсілдер» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Ақмола аймақтық жаңа технологиялар орталығының, әдістемелік орталықтың, дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының «Ақмола дарыны»; туризм, дене шынықтыру, бастапқы әскери және технологиялық даярлық орталығының, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының өкілдері қатысты.
Отырыста келесі баяндамашылар сөз сөйледі:
– Әдістемелік орталығының директоры Құрманғалиева Ляззат Сұрағанқызы – «Білім беру ұйымдарында жасанды интеллектті енгізу және әдістемелік сүйемелдеу».
– Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының бөлім меңгерушісі Сейпиева Салтанат Маратқызы – «Ақмола облысының білім беру жүйесінде цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу барысы туралы».
– Көкшетау қаласындағы «Алтын бала» балабақшасының әдіскері Ақжанова Айна Рахымжанқызы – «Ойын арқылы даму: балабақшада жасанды интеллект қолдану».
– Көкшетау қаласындағы техникалық мектеп-лицейінің директоры Амангелді Тілегенген – «Жасанды интеллект және мектептің цифрлық экожүйесі: қауіпсіздік пен басқарудан білім сапасына дейін» және т.б.
Спикерлер білім беруді цифрландырудың стратегиялық тәсілдерімен қатар, жасанды интеллект технологияларының білім беру сапасын арттыруда, басқару мен әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіруде тиімді құралға айналып келе жатқанын дәлелдейтін нақты практикалық кейстерді ұсынды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1151185?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау