«БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысының Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен «Біртұтас ел – Біртұтас жер» атты ауқымды әскери-патриоттық акция өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметтің беделін арттыру, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында отансүйгіштік рухты күшейтіп, әскери борышты орындауға деген жауапкершілікті нығайту.
Акция аясында Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті, Әскери білім департаменті, Ұлттық әскери-патриоттық орталық өкілдері және Түркістан облысы бойынша Қорғаныс істері департаментінің бастығы №27 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-лицейі мен №33 жалпы білім беретін мектептерде болды. Кездесулер барысында 9–11 сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі, әскери қызмет өткеру шарттары және әскери қызметшілерге қарастырылған әлеуметтік жеңілдіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар ҚӘӘИ, ӘҚК ӘИ және РЭжБӘИИ оқу орындарына түсуге қатысты ақпараттық парақшалар таратылды.
Іс-шараның басты ерекшелігі – Түркістан қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған жылжымалы музейлік көрме болды. Көрмеге қаладағы жалпы білім беру ұйымдарынан 1000-ға жуық оқушы мен ұстаз қатысты. Экспозиция Алматы қаласындағы Әскери даңқ музейінің қорынан әкелініп, Қазақстандағы әскери бөлімдердің құрылғанына 85 жыл толуына арналған тарихи әрі құнды жәдігерлерді қамтыды.
Көрмеде даңқты қолбасшы, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының жеке марапаттары мен тұрмыстық заттары, Кеңес Одағының Батыры, 316-атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Иван Панфиловтың жеке бұйымдары, сондай-ақ 397 фашистің көзін жойып, жау тарапынан «қара өлім» атанған мерген Төлеуғали Әбдібековтің марапаттары мен құжаттары көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараның салтанатты бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталып, Қарулы күштердің тарихы мен жауынгерлік жолын баяндайтын бейнеролик көрсетілді.
Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі, полковник Дәулет Бейсеков аталған акцияның жастар бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Сонымен қатар қатысушыларға әскери оқу орындарына түсу тәртібі, құжат тапсыру талаптары және әскери есепке қою мәселелері бойынша кең көлемде түсіндірме берілді.
Ауқымды іс-шара Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1151130?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version