Өзара тәжірибе алмасу, іс-тәжірибемен танысу және кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкей, Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Саят Сыздықов, Руслан Шамкенов, Ұлттық ат спорты федерациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел, Қосшы мәслихатының депутаттары, Маңғыстау облысындағы қала, аудан мәслихаттарының аппарат қызметкерлері қатысты.
Қалалық мәслихат төрағасы Әлихан Жұмаханұлы қонақтарға жас қаланың дамуы жолында қосшылық депутаттардың атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәлімет берді. Одан кейін сөз алған Жаңбырбай Жәнібекұлы өкілді орган өкілдері үшін тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқтала келе ел бірлігі жолында ықтымақтастықта жұмыс жасау қажет екенін жеткізді.
Отырыс барысында аппарат қызметкерлері өзара пікір алмасып, қызметті жетілдіре түсу мақсатындағы ой-пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында Қосшы қаласына іс-сапармен келген делегация ұжымы қаламыздағы заманауи Қоғамдық мәдени-спорттық кешенде болып, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Қала тұрғындарының бос уақытын өткізетін мәдени орталықтағы кітапханаға аялдап құнды ғылыми еңбектер тарту етті. Кездесу соңында Ақмола және Маңғыстау облысы мәслихаттарының өкілдері ынтымақтастықта жұмыс жасау туралы өзара уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1151093?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау