Жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында Сәбит Оразбаев қазақ және әлемдік классикаға, сондай-ақ заманауи драматургияға негізделген 100-ден аса драмалық рөлді сомдап, актерлік өнердің биік үлгісін қалыптастырды. Театр сахнасындағы табанды еңбегі мен кәсіби мектебі кейінгі буынға өнеге болып келеді.
Ұстаздық жолы арқылы да талай жас актердің кәсіби қалыптасуына жол ашқан дара тұлғаның еңбегі ел жадында.
Сәбит Қоңырбайұлын мерейлі жасымен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, әулетіне амандық пен бақ-береке тілейміз!
Айта кетейік, жерлесіміз Сәбит Қоңырбайұлы Сайрам ауданының «Құрметті азаматы».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1151375?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау