Бүгін «Тура жол» жобасы аясында @vkcm_pvl колледжінде жастар арасындағы құқықтық мәселелер мен тәуелділіктің алдын алу тақырыбына арналған түсіндіру кездесуі өтті .
Іс-шара барысында дін мәселелері, буллингтің алдын алу, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл , сондай-ақ құқықтық жауапкершілік пен тәуелді мінез-құлықтың алдын алу шаралары сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды. Қатысушыларға құқыққа қайшы әрекеттердің мүмкін болатын құқықтық салдары және өз құқықтарын қорғау тетіктері түсіндірілді .
Спикерлер ашық диалог форматында студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жастар арасында құқықтық мәдениетті, толеранттылықты және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған практикалық ұсынымдар берді .
Кездесудің спикерлері:
— Мажитов Рустем Канатович, конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы;
— Маденова Бибигуль Бактыбаевна, Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды бақылау және тіркеу бөлімінің бас маманы;
— Джамалиденова Карлыгаш Кушимовна, Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты .
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1150799?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау