2026 жылдың 28 қаңтар күні Егіндібұлақ ЖОББ мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында танымдық сағаты өтті. Танымдық сағатқа Егіндібұлақ ауылдық округінің № 163 сайлау учаскесінің төрағасы Н.Д.Калманова, төраға орынбасары С.Т.Куспанов, комиссия хатшысы Д.Т.Алхамова және мектеп мұғалімі Э.С.Утебаева қатысты.
Шараның мақсаты -оқушыларды сайлау процесімен таныстырып, азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру, құқықтық сауаттылықтары мен азаматтық белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде атап өтетіні айтылды. Комиссия мүшелері оқушыларға сұрақтар қойып олардың пікірлерін тыңдады. Танымдық сағат өте жақсы өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek-egindibulak/press/news/details/1151851?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау