Дүниежүзілік сайлау күні (World Election Day) 2005 жылы Будапешттегі сайлауды ұйымдастырушылар конференциясында құрылды. Оны БҰҰ демократия қағидаттарына адалдық күні ретінде қолдады.
Сайлау күні ақпанның әр бірінші бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл уақыт “жаңа бастаманы” білдіреді және дауыс беру құқығы азаматтық қоғамның негізі екенін еске салады.
Жаңасемей тарихында аудан үшін 2024-2025 жылдар бетбұрыс болды. Абай облысының құрамында аудан қалпына келтірілгеннен кейін тұрғындар билікті тағайындаудан тікелей таңдауға көшті.
Бұл – ауданымыздың, еліміздің ертеңгі күні қандай болатынын шешетін өзіміз екенімізді есте сақтауға тамаша мүмкіндік. Белсенді болыңыз, заңға қызығушылық танытыңыз және есте сақтаңыз: әрбір дауыс маңызды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1150554?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау