Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында
Мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен өткен «Мамандықтар марафоны – 2026» атты танымдық қонақ дәрісін өткіздім.
Кездесу барысында сайлау жүйесінің маңызы, сайлау жұмыстарына қатысатын мамандықтар, азаматтық белсенділік пен жауапкершіліктің рөлі туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Оқушылар тарапынан қойылған мазмұнды сұрақтар жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға жол ашады. Белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдіремін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/1151986?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау