Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және «Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сайлаудағы тәуелсіздік – қоғамның негізі» тақырыбында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің білімгерлері арасында зияткерлік ойын өткізілді.
📝Шара барысында қатысушылар сайлау үдерісі, азаматтық ұстаным және құқықтық сауаттылық бойынша өз білімдерін сынады.
Ойын қорытындысы бойынша белсенділік танытқан командалар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
🔰Мақсаты Жастар арасында сайлау жүйесі туралы түсінікті арттыру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сайлауға саналы көзқарас пен белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, сондай-ақ білімгерлердің зияткерлік қабілеттерін шыңдау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1151670?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау