Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Үздік ауыл әкімі» атанған Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Әнуарбекқызы Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен, болашақ сайлаушылармен, ауыл белсенділерімен және мектеп президенттерімен TEDx форматында мазмұнды кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Үздік ауыл әкімі» атанған Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Әнуарбекқызы Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен, болашақ сайлаушылармен, ауыл белсенділерімен және мектеп президенттерімен TEDx форматында мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында сайлаудың маңыздылығы, азаматтық жауапкершілік, көшбасшылық қасиет және мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі туралы ой қозғалдалып, өмірлік тәжірибеге негізделген тағылымды әңгіме өрбіді. Ашық форматта өткен кездесуде жастар өз сұрақтарын еркін қойып, болашаққа қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл — жас ұрпақтың саяси сауаттылығын арттырып, белсенді азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды қадам. Осындай тағылымды кездесулер жастарға мотивация беріп, ел болашағына деген сенімді нығайта түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/1151993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version