ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 қаңтар күні «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Әліби Елтайұлы, жастар нұсқаушысы Назым Еркиновна және Елтай ауылдық округінің учаскелік инспекторы Сабыржан Біржанұлымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүруіне, сондай-ақ ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Елтай ауылдық округі аумағында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шара барысында ауылдық округ аумағындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда жүрмеуі, сондай-ақ ойын-сауық орталықтарында сағат 22:00-ден кейін болмауы қатаң бақылауға алынып, құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді бақылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар сауда нысандарында түнгі уақытта алкоголь өнімдерінің сатылуына жол бермеу, кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдерінің сатылмауын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары ескертілді.

Рейдтік іс-шара қорытындысы бойынша құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1151343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version