Ақсуат ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 28 қаңтар күні «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ-де «Химия-биология пәнін оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбында аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – химия және биология пәндерін оқытуда жасанды интеллектті тиімді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, оқу материалын сапалы меңгеруіне, сондай-ақ сыни ойлау мен цифрлық сауаттылық дағдыларын дамытуға ықпал ету.
Семинарды мектеп директоры Тұрғамбаева Жанерке Абетаевна кіріспе сөзбен бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ақсуат ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Құрманғалиева Нұргүл Ақановна семинардың мақсаты мен бағдарламасы бойынша өтетін шараларға тоқталып, қатысушыларға табыс тіледі. Семинар мектеп оқушыларының әдеби-сазды таныстырылымымен басталды.
Семинар барысында төмендегідей іс-тәжірибелер көрсетілді:
-
К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің химия пәні мұғалімі Т. Нұрғалиева 7-сыныпқа «Сұйытылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі. 3-практикалық жұмыс: «Сұйытылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу реакциясы. Көмірқышқыл газына сапалық реакция» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
-
Биология пәні мұғалімі И. Исина 9-сыныпқа «Митоз. Митоз фазалары» тақырыбында №8 зертханалық жұмыс: «Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митозды зерттеу» бойынша ашық сабақ көрсетті.
-
Биология пәні мұғалімі Б. Ахметқалиева «Оқу үдерісінде жасанды интеллект пен онлайн платформаларды қолданудың тиімділігі»,
-
М. Әуезов атындағы (Көкжыра) орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ж. Сембаева «Жасанды интеллект қолдану арқылы химия сабағы»,
-
Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің биология пәні мұғалімі Қ. Абдрахманов «Ғылыми жобаға өзекті және тиімді тақырып таңдау жолдары»,
-
Химия пәні мұғалімі А. Аубакирова және биология пәні мұғалімі М. Сәбитова «Жасанды интеллектті сабаққа қажетті видеолар жасау барысында қолдану» тақырыптары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Н. Құрманғалиева іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарды аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапаттады.
Іс-тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1151681?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау