«Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесінен-табысты нәтижеге»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   2026 жылдың 29 қаңтар күні “Аягөз ауданы білім бөлімі ” ММ оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы” КММ-де «Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесінен-табысты нәтижеге» тақырыбында аудандық әдістемелік-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Аягөз ауданы білім бөлімінің әдіскерлері мен аудан мектептерінің ұстаздары қатысты.

   Семинар барысында Догалова Айнур Асылбековна 7 «А» сыныбында алгебра пәнінен «Екі өрнектің кубтарының қосындысы және кубтарының айырмасының формулалары» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.

   Зерттеу жұмысының проблемалық тақырыбы:
Алгебра  сабағында функционалдық сауаттылықты қолдану арқылы білім сапасын арттыру.

  Сабақ іс-әрекеттегі зерттеудің бес қадамына негізделіп, әсіресе өмірмен байланысқан есептерді қолдану оқушылардың теориялық білімдерін күшейтуге  бағытталды. Сабақ барысында саралау  тапсырмалар, жұптық және жеке  жұмыс, тест тапсырмалары  тиімді қолданылды.

   Нәтижесінде оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, мәтін есептерді жеңіл шығару  қабілеттері арта түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1151277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version